15 маусымға арналған ауа райы болжамы

Еліміздің тек батысы және оңтүстік, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында найзағай, өткінші жаңбыр, бұршақ болжанады. Кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстік, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады. Сонымен қатар оңтүстік-батыста тұман болады.

«Қазгидрометтің» мәліметінше, күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында дауыл, бұршақ күтіледі, кей жерлерде жел 15-20, 23-28 м/с-қа күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз шаңды дауыл, 15-20 м/с екпінде жел болады.

Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарында желдің күші – 15-20 м/с. Түркістан облысында жел екпіні 25 м/с-қа күшейеді. Түркістан, Қызылорда облыстарында шаңды дауыл көтеріледі.

Батыс Қазақстан, күндіз Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа артады.

Батыс Қазақстан облысында бұршақ болжанады. Сондай-ақ күндіз Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық болуы ықтимал.

Қызылорда, Павлодар облыстары, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Алматы, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында өрт қаупі бар.

 

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.