Жас түлектерге аттестат табысталды
Жас түлектерге аттестат табысталды
126
оқылды

13 маусым күні Шиелі ауданы әкімінің міндетін атқарушы Алмасбек Есмаханов №47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейінде «Жолың болсын, Жас түлек – 2021» атты салтанатты шараға қатысып, «Алтын белгі» иегерлері мен түлектерге аттестат тапсырып, аудан әкімінің атынан ыстық лебізі мен ақтілегін жеткізді.

Салтанатты шараға Аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Д.Насибеков пен зиялы қауым өкілдері, ата-аналар мен ұстаздар қатысты. Айта кетейік, биыл «№47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейінің 7 жас түлегі алтын белгі иегері атанып, ұстаздарының ерен еңбегінің ақ үмітін ақтай білді. Қазір ауданның орташа балл көрсеткіші – 71,1 болса, 100 баллдан жоғары жинаған оқушылар саны - 58, шекті деңгейден төмен нәтиже көрсеткен оқушы саны 62 болды. Аудан бойынша ең жоғары 138 балды №45 «Ақ орда» мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Сымбат Алматқызы алды. Бүгінде Шиелі ауданы бойынша білім бөліміне қарасты 33 орта мектептің 11 сыныбын 827 оқушы аяқтаса, 1 оқушы (№181) облыстық білім басқармасының 2021 жылғы №109 бұйрығына сәйкес, денсаулық жағдайына байланысты мемлекеттік қорытынды аттестаттаудан босатылған. Биыл 1-10 маусым аралығында өткізілген мемлекеттік қорытынды аттестаттау нәтижесімен 54 оқушы «Алтын белгі» аттестатына және 74 оқушы «Үздік аттесттатқа» ие болды. Сонымен қатар аудан бойынша 9 сыныпты бітіруші 1530 оқушының 191-і негізгі орта білім бойынша «Үздік аттесттатқа» ие болды.