Оралда жүргізуші екі жасөспірімді қағып кетті
Оралда жүргізуші екі жасөспірімді қағып кетті
120
оқылды
Оралда автокөлік мотоциклмен жүрген екі жасөспірімді қағып кетті. Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 15 маусым күні Х.Доспанова мен Ф.Неусыпов көшелерінің қиылысында болған. Шамамен сағат 17.00-де «Шаран» автокөлігінің 1987 жылғы жүргізушісі мотоциклді өткізбей, қағып кеткен. Жол апаты салдарынан мотоциклді жүргізіп келе жатқан 2006 жылғы жасөспірім облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Мотоциклде онымен бірге болған 2005 жылғы қыз да жарақат алған.  width=