Роналду Еуропа чемпионатында екі гол соғып, рекорд жаңартты
Роналду Еуропа чемпионатында екі гол соғып, рекорд жаңартты
105
оқылды
Еуропа чемпионаты топтық кезеңінің 1-турында Венгрия мен Португалия құрамасы кездесті. F тобындағы ойында Португалия футболшылары 3:0 есебімен жеңіске жетті. Кездесу Венгрия астанасы Будапешт қаласындағы «Пушкаш арена» стадионында өтті. Осы ойында екі гол соққан 35 жастағы Роналду  Францияның аңызға айналған ұлттық құрамасының ойыншысы Мишель Платиниді Еуропа чемпионатының бомбардирлер тізімінде басып озды.

Еуропа чемпионатының үздік бомбардирлері: 1. Криштиану Роналду (Португалия) - 11 гол 2. Мишель Платини (Франция) - 9 3. Алан Ширер (Англия) - 7

Бүгін осы топта Германия мен Франция құрамалары кездеседі. Ал, Португалия 19 маусым күні Германия құрамасымен шеберлік байқасады.