Olympic.kz-тің хабарлауынша, Қазақстаннан Софья Берульцева (+75 келі) мен Данияр Юлдашев (+61 келі) жолдамаға ие болды.
Осылайша, каратэден Қазақстан құрамасында Токио Олимпиадасына 5 жолдама бар. Жолдаманы бірінші Дархан Асаділов иеленді. Ол рейтингіде қарсыласынан 1000 ұпай алда болғандықтан, лицензияны мерзімінен бұрын алды. Мөлдір Жаңбырбай (50 келі) мен Нұрқанат Әжіқанов (75 келі) жолдаманы Парижде өткен лицензиялық жарыста жеңіп алды.