«Дизайнерге мінез бен өзіндік қолтаңба қажет» – Айжан Жүзбай
«Дизайнерге мінез бен өзіндік қолтаңба қажет» – Айжан Жүзбай
307
оқылды

Айталық, ZHUZBAY бренді 2015 жылы дүниеге келді. Өзім 5 жасымнан бастап дизайнер болу­ды армандадым. Одан кейін уни­вер­­ситетке түскесін жеке брендім бо­латынын іштей сездім, дайын­дал­дым. Көп іс-шараға қатыстым, оқы­­дым, тәжірибе жинадым. Бірақ киім үлгісінің атын қалай атарымды білмедім. Мүмкін атауын AIZHAN, мүмкін ZHUZBAYEVA дермін деп ойланып жүрдім. Сол жылдары -ева қосымшасын алып тастап, тегімді Жүзбай деп ауыстырғасын, атамның атында болсын, «үш жү­зі­міз бай болсын» деген мақсатта ZHUZBAY атауын қалдырдым. Ішімнен «мен тіккен киімді киген адам абыройлы болсын» деп тіле­дім. Әрі қазақтың сөзі әлемге ешбір қоспасыз тарап, Chanel, Dior, Louis Vuitton, Prada, Gucci, Fendi-лермен қатар тұруын қа­ладым. – Көпшілігі киім дизайніңізден мінез байқайды. Бұл дизайнер үшін маңызды ма? – Әр дизайнердің киім үлгісінен қолтаңбасы мен мінезі білініп тұ­руы керек. Егер аталған екеуі бол­маса, ол дизайнерлік емес, көшірме жұмыс. Сондықтан менің қо­лымнан шыққан дүниеде бір көз­бен қарағанда Ұлы даланың суық, бірақ екінші қырынан қарағанда мықты, дегенмен ішіне үңілсеңіз терең, ойлы, сабырлы, ешқандай қиындықтан қорықпайтын, төзе білетін, батыл, нағыз «хас», «сақ» адамның бейнесі жатыр. Кез келген адам мінезін тезге сала алса, тағ­дырын да түзете алады. Оған білім, иман және еңбек керек. Сондай еңбекқор адамдарға арнап осындай туынды істеп жүрмін. Киім үлгісін түсіндірер болсақ, негізі қош­қар­мүйізде жатыр. Ал қошқармүйіз қайсар мінезді біл­діреді. Қош­қардың басындағы мүйіз маған тәжбен тең. Екіншіден, қазақта қошқармүйіз байлықты, берекені, тоқшылықты білдірген. Сол себепті осы оюға тоқталдым. Оған қоса киім үлгісінде арқар, өндірісте қой терісі, ешкі жүнімен жұмыс істейтін болғандықтан, бұл концепция өзіме жақын болды. Мысалы, ата-бабаларымыз баяғыдан қойдың те­рісін өңдеп, пайдаланған. Мұның табиғатқа ешқандай зияны жоқ. Нағыз тері 5 жылда ыдырап кетсе, жасанды тері 55 жыл ыдырап, қор­шаған ортаға зиянын тигізеді. Бай­қап қарасақ, бұрынғылардың істеп кеткен ісі, тәжірибесі біз үшін үл­кен олжа. Сол үшін көнені жаң­ғыртып жан-жаққа алаңдамай, тұнып-тұрған қазынаны кәдеге жарата алсақ екен. Кезінде ІІ Ека­терина «Егер қазақтар өзінің кім екенін білсе, күллі әлемді жаулап алар еді» деген. Осы сөзді жақында Қарахан кесенесі жанынан оқып, мәдениетіңді паш етіп, қазақ екеніңді мақтан тұтқан кезде ғана алда жеңісті жол күтетінін түсіндім. ZHUZBAY бренді тағы қандай асуды бағындырмақ? – Біздің брендтің алға қойған мақсаты – көптеген іс-шараға қа­тысу. Сапалы дүние жасап және сол дүниені Қазақстанда шығару. Мы­салы, мақтадан бастап, соңғы түй­меге дейін елімізде өндіру. Сөмке технологиясын алып қарасақ, қой­ды баққаннан бастап, сөмке қолға тигенше жеңіл өнеркәсіптің қада­мын бақылау. Яғни, барлық саты­мен, нөлден онға дейінгі кезеңді жіті қадағалау. – Сіздің елдегі киім нарығына алаңдайтыныңызды білеміз. Жеңіл өнеркәсіпті дамыту үшін не істеу керек? – Жеңіл өнеркәсіпті дамыту үшін мемлекет бұрынғыдан да көп жеңілдік жасағаны жөн. Несие алсаң кепіл сұрайтыны бар. Сол ке­пілдік жүйесін алып тастаса. Мемлекет жеңіл өнеркәсіпті, отан­дық өнімді қолдаса, бұл эконо­микаға септігін тигізер еді. Импорт, экспорт қарым-қатынасын дамы­туға көмектесіп, қосымша жұмыс орындары ашылар еді. Жеңіл өнер­кәсіпте жұмыс істейтін көп­теген әйелдің әлеуметтік жағдайын, әл-ауқатын жақсартуға үлкен мүм­кіндік бар. Біріншіден, еліміз жеңіл­дік қарастыру керек. Екін­шіден, саланы дамыту үшін ке­шенді жоспар қажет. – Білім жағына ойыссақ. Елі­міздегі сән мен дизайнға қатысты оқу орындарына берер бағаңыз. – Бұл сала бойынша сапалы білім беретін мекемелер өте аз. Сон­дықтан өзім білім алған Бейжің Сән және технологиялар инсти­тутының бағдарламасы бойынша Қазақ­станда Сән және тех­ноло­­гиялар институтын тіркеуден өткіз­дім. Пандемияға байланысты жұ­­мысты тоқтата тұрдық. Алға­шында ин­ститут онлайн оқытады, ары қарай оффлайн оқу жүйесіне ауы­самыз. Болашақта осы салада жұ­мыс істейтін мамандардың білі­мін же­тілдіріп, сапалы маман дайын­дасақ дейміз. Оқыту жүйе­сіне кел­сек, келешекте шетелдік оқыту­шылар Назарбаев универ­ситетінде білім бергендей онлайн оқытады, болмаса келіп сабақ бе­реді. Кейін­нен осы ЖОО сту­дент­терін фаб­рикаға әкеліп, көзбен көріп, тәжі­рибе жүзінде білім алға­нын қалай­мыз. Әрине, осы тұста қаржы жө­нінде әңгіме болары сөзсіз. Біз кішкентай онлайн жоба­дан бастап, ауқымын кеңейтеміз. Инвестор тарту ойда бар. Бастысы, тәуекел етіп іске кіріссек дейміз. lbpfqyth – Кез келген дизайнердің арманы айтулы сән апталығына қатысу бо­лар. Қай апталықта бой көр­сеткіңіз келеді? – Алғаш рет жасаған туын­дыларымды Mercedes Benz China Fashion Week апталығында көр­сеттім. Одан кейін New York Fashion Week-қа шақырту алдым. Артынша Milan Fashion Week-тан шақырту алып, олармен жүзбе-жүз кездестім. Индонезия, Сеул, Ду­бай, Киев сән апталықтары да шақырту жіберді. Бұдан бөлек, 3-4 сән апталығы ұйымдас­тырушы­ларының хабарласқаны бар. Мақ­сатым – Париждегі сән апта­лы­ғына қатысу. Себебі аталған апта­лық дизайнерге ерекше шабыт, үл­кен мүмкіндік сыйлайды. – Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Айзат АЙДАРҚЫЗЫ