Оқиға Келес ауданы Абай ауылында болды. Бұл туралы Otyrar.kz жазды.
Бала 13 маусым күні кешқұрым жоғалып кеткен. Куәгерлер 2015 жылы туған баланы соңғы рет канал маңында ойнап жүргенде көрген екен. Құтқарушылар баланы үш күн іздеді. Баланың денесін Ошақты каналынан тауып, судан шығарды.Түркістан облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Қанат Қарабалаев: «Аудандық төтенше жағдай бөліміне хабарласып, арнайы судан құтқару жасағы шақыртылды. 15 маусым күні таңғы сағат 9:45-те баланың денесін тауып, судан шығарды», – деді.
Бұған дейін Ақтөбеде екі баланың суға батып кеткені жайында жазған болатынбыз.