Арман Қожахметов Мәжілісте комитет төрағасы болды

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин «Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» заңға сәйкес, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасына депутат Арман Қожахметовтің кандидатурасын ұсынды.

«Ұсынылған кандидат білікті заңгер, осы салада көптеген қызметті абыроймен атқарып келе жатыр. Арман Төлешұлы үш шақырылымда Мәжіліс депутаты, соның ішінде, осы Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болып жұмыс істеді. Осы Комитеттің жұмысын жақсы біледі, тәжірибесі де, білімі де жеткілікті, – деді Нұрлан Нығматулин.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.