Астанада ұры сатушыны кепілге алып, өзін пышақпен жаралады – видео
Астанада ұры сатушыны кепілге алып, өзін пышақпен жаралады – видео
114
оқылды

Оқиға бүгін таңертең сағат 07.08-де болды. Полицияға Гоголь көшесіндегі дүкенге қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түскен.

Белгісіз ер адам дүкенге кіріп, сатушының бірін пышақпен қорқытып, сыртқа шығарып жіберген. Іште қалған екінші сатушыға пышақ кезенген ер адам дүкеннің кілтін талап еткен. Күдікті дүкенді іштен жауып жатқанда сатушы дабыл түймесін басып үлгереді. Хабар түскен сәтте полицейлер оқиға орнына жедел жетті. Дүкен жеке тұрған екі қабатты ғимараттың 1-қабатында орналасқан. Полицейлер сатушы жапа шекпесін деп ер адаммен келіссөз жүргізді. Ішімдік ішкен күдікті қолындағы асүй пышағымен «өзін және сатушыны жарақаттаймын» деп қорқытты. Осы кезде полицияның арнайы жасағы дүкенге екінші кіреберістен кірді.   https://youtu.be/y0kXF1MnxDk Күдікті келіссөзге айналған кезде сатушы оның қолынан сытылып шықты. Полицейлер 31 жастағы күдіктіні ұстады. Ол кеудесін пышақпен жаралап үлгерді. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.