Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой күзге дейін 10 миллион қазақстандық вакцина алмаған жағдайда өзінің отставкаға кетуі туралы сауалға жауап берді.
"Тағы қайталап айтамын. Бұл еліміздің әрбір азаматына байланысты. Вакцинация - ерікті түрде жүргізіледі, ешкімді мәжбүрлей алмаймыз. Біз тек түсіндіру жұмысын жүргізіп, ақпараттық қолдау жасай аламыз. Сіздерді де халыққа көмектесіп, вакцина алуға шақырамыз. Бұл жерде мәселе вакцинацияның ерікті екенінде болып тұр ", - деді Цой брифингте. "Үкіметтің кез келген мүшесіне қатысты мәселені Мемлекет басшысы шешеді. Сондықтан жұмысымыз қалай бағаланса, соған байланысты шешім қабылданады", - деп жалғастырды сөзін ол.