Kcell, Beeline, Tele2: қандай тариф тиімді?
Kcell, Beeline, Tele2: қандай тариф тиімді?
914
оқылды

Бұл сұраққа әр адам әртүрлі жауап берер. Өйткені әрбір жан өзіне қажеттісін іздейді. Бірі – үйіне тиімді интернет қосқысы келсе, енді бірі –  байланысы шектеусіз болуын қалайды. Тағы бірі шетелге жиі шыққандықтан тиімді роуминг қолданбақ. Сондықтан әр адам өзінің қалауын тапқысы келеді. Соған қарай біз де байланыстың қайсысы тиімді екенін анықтамақ болдық.

Kcell[/caption]

Екінші, оңтайлы бағыты – базалықтан қымбаттырақ. Оған қоса, өз операторы ішінде тегін сөйлесе алады. Қажетіне қарай уақытты ГБ не болмаса ГБ уақытқа айырбастап алуға мүмкіндік бар. Ал Beeline-да мұнымен бірге 990 теңгеге тағы бір номерді қосып береді. Сонымен қатар бұл байланыста өз ГБ басқа абонентке бере алады.  Kcell-де де осындай артықшылық бар.  Тіпті, Престиж 3+ тарифінде халықаралық қоңырау үшін 30 минут тегін сөйлесуге болады. Ал Tele2-де қолданылмаған уақыт пен ГБ келесі айға жинала береді.

[caption id="attachment_145575" align="alignnone" width="1024"]Kcell Kcell[/caption] Үшіншіде – 4 мыңға дейінгі тариф. Онда негізінен әлеуметтік желі, месенджер мен видеоларды шектеусіз пайдалану берілген. Activ-та осы тарифтан басқасына ауысса, қолданылмаған уақыты мен ГБ сақталады. Beeline байланысында бұл бағыт бойынша Ресей, Қырғызстан Украина және Қытайдың бүкіл нөміріне тегін сөйлесуге 200 минут беріледі. [caption id="attachment_145576" align="alignnone" width="1024"]Kcell Kcell[/caption] Соңғысында күні бойына интернетті шектеусіз қолдануға болады. Соған қарай, бұл топтағы тарифтер қымбаттау болады. [caption id="attachment_145577" align="alignnone" width="1024"]Kcell Kcell[/caption] Жаз уақытында елдің көбі шетелге барып, демалып қайтуды ойлайды. Сол кезде қандай роумингке қосылуды, қайсысы тиімді екенін білмей жатады. Әр байланыстың өз жеңілдігі бар, әркім өзіне ыңғайлысына қосылады. Мысалы, Kcell байланысында «Өзіме ұнайтын елдер» атты 20 күндік пакетке қосылса болады. Бірінде интернет 1 ГБ болса, екіншісінде – 3 ГБ. Оның бірі – 4990 теңге болса, екіншісі – 6990 теңге. Ал әр минуты 49 теңге. Австрия, Әзірбайжан, Армения, Беларуссия, Бельгия, Ұлыбритания, Венгрия, Вьетнам, Германия, Гонконг, Греция, Грузия, Дания, Египет, Израиль, Индонезия, Иран, Испания, Италия, Канада, Қытай (Тайванды қоспағанда), Қырғызстан, Латвия, Литва, Малайзия, Мальта, Молдова, Моңғолия, Мальдив аралдары, Нидерланды, Норвегия, БАӘ, Польша, Португалия, Ресей (Қырымды қоспағанда), Сауд Арабиясы, Сингапур, Словакия, АҚШ, Тәжікстан, Тайланд, Түркия, Өзбекстан, Украина (Қырымды қоспағанда), Финляндия, Франция, Хорватия, Чехия, Швейцария, Швеция, Шри-Ланка, Эстония, Оңтүстік Корея, Жапония секілді елдеріне осы пакетті пайдалана аласыз. Ал   Kcell Travel пакеті 80-нен астам елді қамтиды. Оған қосылу – 200 теңге. Әр минуты мен ГБ үшін 79 теңге ұсталады.

Beeline байланысында «Саяхаттағы роуминг» немесе «Өзге елге қоңырау шалу» бағыты бойынша бөлінеді. Мәселен, Түркия үшін «Саяхаттағы роумингтің» стандартты тарифі бар: бір күнге шектеусіз интернетке кіру – 990 теңге.  Сол ақыға 5 минут сөйлесе алады. Және бір хабарламаға 99 теңге ұсталады. Ал «Өзге елге қоңырау шалу»  пакетінде 1 минут 129 теңге. Егер шығынды азайтқыңыз келсе, 200 теңгеге «Көрші» пакетін алуға болады. Оның алғашқы 15 минуты тегін. Не болмаса, «СуперВиза М» пакеті бар. 5990 теңгеге шектеусіз интернетті пайдалану және 30 минут тегін сөйлесуге мүмкіндік бар. Одан кейінгі уақыттың ақысы сіздің қай елде жүргеніңізге байланысты ұсталады. ТМД елдері аумағында – минуты 59 теңге,  алыс шетелде болса,  минутына 69 теңге. Немесе «Жеңіл роуминг+» пакетінде – интернет те, байланыс та, SMS те 59 теңге тұрады.