Қазақстандық клубтар Конференция лигасында қай командаларға қарсылас атанды?
Қазақстандық клубтар Конференция лигасында қай командаларға қарсылас атанды?
134
оқылды
УЕФА-ның Ньондағы (Швейцария) штаб-пәтерінде 2021/22 жылғы маусымдағы Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі өтті. Елордалық «Астана» клубы бұл кезеңде грекиялық «Арис» командасымен кездеседі. Алғашқы ойын 22 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Жауапты кездесу 29 шілдеге жоспарланған. Ал қарағандылық «Шахтер» клубына румыниялық «Стяуа» командасы қарсылас атанды. Алғашқы матч 22 шілдеде Бухарест қаласында өтеді. Қарағандыдағы жауапты кездесу 29 шілдеге жоспарланған. Хорватиялық «Хайдук» Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Тобыл» клубымен ойнайды. Бірінші матч 22 шілдеде Сплитте өтеді. Қостанайдағы қарымта ойын 29 шілдеге жоспарланған. Ал ел чемпионы атанған «Қайрат» Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінен өтпей қалған жағдайда Конференция лигасының екінші кезеңінде «Динамо» Тбилиси – «Нефтчи» жұбының жеңімпазымен кездеседі.  

А.ЖАСАНҰЛЫ.