Қазақстан QazVac вакцинасын ислам елдеріне беруге дайын - Тоқаев
Қазақстан QazVac вакцинасын ислам елдеріне беруге дайын - Тоқаев
104
оқылды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технология жөніндегі екінші саммитінің ашылу рәсіміне қатысып, мәлімдеме жасады.
«ИЫҰ-ның ғылым және технология жөніндегі екінші саммитінің ашылуына қатыстым. Ғылыми-технологиялық және инновациялық ынтымақтастықты жандандыруға қатысты бірқатар ұсыныс айттым» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.
Оның айтуынша, ДДСҰ QazVac вакцинасын мақұлдағаннан кейін Қазақстан оны ИЫҰ елдеріне беруге дайын.
«Жасанды интеллект, Big Data және киберқауіпсіздік салаларындағы бірлескен жобалар үшін Назарбаев университеті мен Astana IT Hub алаңын ұсынамыз. Сондай-ақ Қазақстан Ұйымға мүше елдер үшін бакалавриат бағдарламасы бойынша отандық университеттерде 100 грант бөлуге ниетті», - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.