Таразда мектеп түлектері жол қозғалысы ережелерін бұзып, қауіп туғызған, - деп хабарлайды Polisia.kz Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзған кортежді анықтады. Көлік тізгінінде кәмелет жасқа толмаған жүргізуші және салонда бір топ мектеп бітіруші түлек болған.
"Жүргізуші ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігі "Көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның басқаруы" және ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-бөлігі "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамау" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деді полиция өкілі.https://www.youtube.com/watch?v=fuqslfyU_YU&feature=emb_title