Алаяққа алданған тұрғын 25 млн теңгесінен айырылды
Алаяққа алданған тұрғын 25 млн теңгесінен айырылды
Алматылық алаяқ жоқ шамдарды сатып 25 млн теңге тапқан. Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам Польша шамдарын сататынын айтып, жарнама жасаған. Тұтынушылардан алдын ала ақша алып, өзінің қызметі үшін де ақы сұраған. «Жергілікті тұрғын полицияға люстраны да, ақшаны да ала алмайтынын түсінген кезде жүгінген. Көтерме сатушы алаяққа 25 миллион 740 мың теңге төлеген. Күдікті 64 жастағы П. есімді ер адам өзінің жасаған ісін мойындады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлімі бойынша тергелуде. Тергеушілер күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауда», – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілхайыр. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.