Тартысты кездесуде Түркия құрамасы жеңілді
Тартысты кездесуде Түркия құрамасы жеңілді
141
оқылды
Футболдан Еуропа чемпионаты топтық кезеңінің 2-турында Түркия Уэльстен 0:2 есебімен жеңілді. Кездесуде екі құраманың да жеңіске жететін мүмкіндігі зор болды. Ойынның 42-минутында Гарет Бэйлдың пасынан кейін, уэльстік Аарон Рэмси есеп ашса, 90-минутта оның отандасы Коннор Робертс қорытынды есепті белгіледі. Уэльс құрамасы осы жеңістен кейін өз тобында көш басына шықты. А тобындағы тағы бір кездесуде елорда уақытымен 00.50-де Италия мен Швейцария құрамалары кездеседі. Еуропа чемпионаты – 2020. А тобы. 2-тур. Түркия – Уэльс 0:2 (0:1)