Түлектердің мектепті тәмамдау салтанатында білім ордасы тағы бір мәрте ірі айыппұл арқалады, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.
Осыған дейін мектептің құрылысын қаржыландырып, демеушілік жасаған кәсіпкер Айдын Рахымбаев әлеуметтік желілерде фотосуреттер жариялаған. Кәсіпкер хейтерлерді «маска үшін мазаламауды» өтінген. Өйткені оның айтуынша барлық балалар мен мұғалімдер жарты жыл бойы орманның ортасында оқшауланып, сондай-ақ дүркін-дүркін ПТР тестілеуден өткен. Ал келген ата-аналары вакцина алған.Дегенмен санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мамандары білім ордасына тексеріс жүргізгді. Оның барысында Бурабай аудандық басқарма полиция бөлімінің рапорты негізінде 230 айлық есептік көрсеткіш яғни – 335 455 теңге, яки 786 АҚШ долларына тең әкімшілік хаттама толтырған.
Естеріңізге сала кетсек өткен жылдың қыркүйегінде тағы да осы IQanat мектебі 640 мың теңге немесе 1500 АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлеген. Ол кезде де әлеуметтік желілерде білім және ғылым министр Асхат Аймағамбетов бастаған бір топ шенеуніктер мен мектеп оқушыларының маскасыз және әлеуметтік арақашықтық сақтамағаны үшін шу болған.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы