Коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар саны көбейді
Коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар саны көбейді

Бір күнде 1145 адам пневмонияға шалдыққан.

17 маусымдағы мәлімет бойынша 21 132 адам коронавирустан емделіп жатыр. Оның ішінде 6 468-і стационарда, 14 664 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Коронавирус пен пневмония жұқтырғандар арасында 435 адамның жағдайы ауыр, 111 пациенттің жағдайы өте ауыр, 73 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.