Желіде зейнетақыға қатысты хабарлама тарап жатыр. Онда зейнетақы мөлшері өсетіні айтылған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. WhatApp мессенджерінде тараған хабарламада биыл 1 шілдеден бастап зейнетақы 20 пайызға өсетіні айтылған.
"Осылайша, 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы 2021 жылдың деңгейімен салыстырғанда 20 пайызға артады. Бұл барлық зейнеткерге немесе 2 миллионнан аса адамға қатысты", - делінген хабарламада.
"Бұл - фейк. 1 шілдеден бастап зейнетақыны өсіру қарастырылмаған", - деді ведомство өкілдері.Министрлік баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанда зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері - 100 019 теңге. 1 маусымдағы жағдай бойынша, Қазақстанда 2 миллион 243 мың зейнеткер бар.