Сотталған әйелдер мемлекеттік емтихан тапсырды
Сотталған әйелдер мемлекеттік емтихан тапсырды
136
оқылды
ШҚО-да сотталған әйелдер мемлекеттік емтихан тапсырды. Шығыс Қазақстан облысындағы ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/21 мекемесінде кәсіптік техникалық колледжде оқитын сотталған әйелдер мемлекеттік емтихан тапсырды.
– Сотталғандардың оқуға және жұмыс істеуге деген ұмтылысы – олардың түзелуін анықтайтын өлшемдердің бірі. Бұл олардың бостандыққа шыққаннан кейінгі шешімдеріне де әсер етеді, – деп түсіндірді тәрбие ісі жөніндегі бастықтың орынбасары Анар Сабиева.
Polisia.kz-тің жазуынша, қашықтан оқуға қарамастан сотталған әйелдер колледж бағдарламасын ойдағыдай игерген. Алда оларға мамандық иесі болды деген диплом табысталады.
– Өкінішке қарай, темір тордың ішінде ғана  өз өмірімде қаншама қателіктер жібергенімді түсіндім, бірақ енді  бәрін өзгерткім келеді. Бостандыққа шыққаннан кейін мен жұмысқа орналасып, анама көмектесемін. Дипломымды жақында аламын, емтихандардағы сұрақтар да қиын болған жоқ, өйткені біз бұл күнге жақсылап дайындалдық. Болашақта мен отбасыма және достарыма киім тігемін, – деді сотталған Олеся.