Еуропа чемпионатында Украина құрамасы Солтүстік Македониядан басым түсті
Еуропа чемпионатында Украина құрамасы Солтүстік Македониядан басым түсті
126
оқылды
Украина құрамасы Еуропа чемпионаты топтық кезеңінің 2-ші турында Солтүстік Македониямен кездесті. Бухаресте өткен ойында украиналықтар 2:1 есебімен басым түсті. Украина ойыншылары Андрей Ярмоленко мен Роман Яремчук алғашқы таймда екі гол соғып, көзге түсті. Ал үзілістен кейін македониялықтар есеп айырмасын қысқарта алды. Матч соңына қарай украиналықтар есепті еселейтін мүмкіндікке ие болған. Бірақ Руслан Малиновский пенальтиден гол соға алмады. Кейінгі турда Украина 21 маусымда Австриямен кездеседі. Ал Солтүстік Македония құрамасы Нидерландымен күш сынасады.