Павлодарда ғимарат қирап, үйінді астында қалған 3 адам ауруханаға түсті
Павлодарда ғимарат қирап, үйінді астында қалған 3 адам ауруханаға түсті
133
оқылды
Павлодарда құрылыс жүріп жатқан үй құлап, салдарынан үш адам жарақат алды. Зардап шеккендер №1 қалалық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Inform.kz. Департаменттің Instagram парақшасындағы мәліметке сенсек, Павлодарда Торайғыров көшесі, 75/3 мекенжайында салынып жатқан үш қабатты үй жартылай құлаған.
«Төтенше жағдай орнына Павлодар облысы ТЖ департаментінен 12 қызметкер мен 3 техника, апаттар медицинасы орталығынан 3 қызметкер және 1 техника жедел шықты. Құтқарушылар зардап шеккен үш ер адамды тапты. 1987 жылғы ер адам жабық бас сүйек-ми жарақаты, бас миының шайқалуы, санның жыртылуы, 1996 жылғы ер адам жабық бас сүйек - ми жарақаты, бас миының шайқалуы, оң қолының жыртылуымен жəне 1993 жылғы ер адам нақтыланбаған диагнозбен ауруханаға жеткізілді. Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсетті», – деп хабарлайды ТЖД.
Оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.