Шымкенттің көшелерін сабындап жуды
Шымкенттің көшелерін сабындап жуды
110
оқылды
Бүгін әл-Фараби ауданына қарасты адам көп шоғырланатын А.Байтұрсынов, Тәуке хан, Б.Момышұлы және Түркістан көшелеріндегі аяқжолдар жуылды. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін тазалық жұмыстары кезінде аяқжолдар жууға алдымен сұйық сабын пайдаланылып, содан соң сумен шайылды, – деп хабарлайды Отырар тв. Тазалық мәдениетін қалыптастыру және санитарлық нормаларды ұстануды тұрғындарға насихаттау мақсатында орталық көшелерде орналасқан дәмхана мен жедел тамақтанатын орындарға механикалық тазалық жұмыстары жүргізілді. Көшелер мен аяқжолдар жуу жұмыстарын «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-і атқарды. Оған 7 арнайы техника және 35 адам жұмылдырылды.