Кәсіпкерлерді заңсыз тексеру тыйылар емес
«Айқын» ақпарат
/ 18.06.2021
Кәсіпкерлерді заңсыз тексеру тыйылар емес
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновтің айтуынша, кәсіпкерлерді заңсыз тексеруден құтқарудан бөлек, шамамен 700 мың салық төлеуші 1 триллион теңге көлеміндегі салық жеңілдіктерін пайдаланған. Сондай-ақ 18 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілеріне 222,4 миллиард теңгеге несиелер бойынша кейінге қалдыру ұсынылыпты.
Аймақтардағы ахуал қалай?
Кәсіпкерлерді заңсыз тексеру оқиғалары бірнеше өңірде ушығып тұр. Сондай үздіксіз тексерулерден запы болған кәсіпкерлер мобильді топтарға жиі жүгінеді. Өйткені бірқатар мемлекеттік қызметкер тексеру жүргізуге уәкілеттілігі болмаса да лауазымын асыра пайдаланған. Сондықтан прокуратура тарапынан бизнес нысандарға жүргізілген тексеру жұмыстарының заңдылығы зерделеніп, онда мораторий талаптары бұзылып, әкімшілік айыппұл салудың заңсыз деректері көптеп анықталды. Мысалы, биыл Қызылорда облысы прокуратурасы аймақтағы бизнес-ахуалды жақсарту мен әкімшілік кедергілерді жою мақсатында біршама жұмыс атқарған. Ондағы мобильді топтарға кәсіпкерлерден 2020 жылы 13 арыз-хабарлама түссе, 2021 жылдың 5 айында 30 арыз-хабарлама тіркелген. Ал бизнесті қорғау бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 17 прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, 117 кәсіпкердің құқығы қорғалыпты. Сол сәтте 16 шенеунік тәртіптік, 1 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылса, 2 заңсыз тексерудің және кәсіпкерлерге қатысты 9 әкімшілік өндірістің күші жойылған. «Сондай-ақ мемлекеттік тапсырыс бойынша білім беру қызметін көрсеткен 75 жеке балабақшаның 192,9 миллион теңге бюджет берешегінің төленуі қамтамасыз етіліп отыр. Енгізілген прокурорлық қадағалау актісінің қаралу нәтижесімен өткізілген мемлекеттік сатып алу бойынша 35 кәсіпкердің жалпы сомасы 33 миллион теңге банктік кепілдемелері кері қайтарылды» деп мәлімдеді Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы Ғабит Ұзақбай. Биылғы жыл басынан бері Атырау облыстық прокуратурасының мобильді тобы да сондай келеңсіздікке кезіккен 300-ден астам кәсіпкердің құқығын қорғапты. Одан кейін де жергілікті прокурорлардың араласуымен ШОБ-қа қатысты 445 заңсыз тексерудің күші жойылып, 27 шенеунік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ өткен жылы Маңғыстау облысында да 192 кәсіпкерлік нысанға заңсыз тексеру жүргізілген. Түркістан облысында өңірлік прокуратура мен Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Түркістан облысы бойынша басқармасы бірлесіп, заңсыз тексерулерді тіркеу кезінде олардың алдын алу бойынша жұмыс жүргізді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 13 шағын және микрокәсіпкерлікті негізсіз тексерудің жолы кесілген. Ал мораторий жарияланған сәттен бастап Алматы облысының прокуратурасы кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінде заңсыз тексерулер мен профилактикалық бақылаудың өзге де нысандарын жүргізудің 244 фактісін, оның ішінде мораторий талаптарын бұзған 128 фактіні анықтады. Жарлық талаптарының сақталуын ШҚО прокуратурасы да ерекше бақылауға алған. Атап айтқанда, өткен жылы өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының 91 тексеруі заңсыз деп танылған екен. Ақмола облыстық прокуратурасының мәліметінше, өңірде 2020 жылы бизнес субъектілерін тексеру саны 2 есеге (8 074-тен 4 299-ға дейін) азайыпты. Қабылданған шаралардың арқасында ведомство биыл да 12 шағын кәсіпкерлік субъектісін негізсіз тексерудің алдын алған. Жұрттың жеке кәсібін бас-көз жоқ тексере беруден бұл аталғандардан басқа өңірлер ада сияқты. Өйткені әзірге заңсыз тексерулер жайлы дерек қолымызға түспеді. Бәлкім, заңсыздық жасайтындар бар шығар, бірақ «ұсталмаған ұры емес» болып тұр.
Еркеғали БЕЙСЕН
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«Ақ көйлек кию маған да бұйырды»: әнші Ақбота-Нұр Сейтмағамбет жаңалығын бө...
Жаңалықтар
Актер Сәбит Әбдіхалықовтың әйелі қуанышты жаңалығын жеткізді
Жаңалықтар
Қазақстандықтар қарызы қанша теңгеден асса шетелге шыға алмайды?
Жаңалықтар
Бірнеше өңірде ескерту жарияланды: 27 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Жаңалықтар
Демалыс күндері аяз күшейіп, қар жауады – «Қазгидромет»
Жаңалықтар
Қазақстанда ең көп зейнетақы неше теңге?