Америка кубогін Бразилия ала ма?

2020 жылғы Еуропа чемпионатымен бірге Бразилияда футболдан Америка ку­богі қатар өтіп жатыр. Бі­­­рінші ойын күні В тобын­да­ғы екі матч ойналды. Тур­­нир қожайыны Бразилия құра­ма­сы ал­ғаш­қы ойын­­да Ве­не­суэ­ланы 3:0 есебімен жеңді.

Төреші ысқырығы ес­тілісімен алаң иелері бірден шабуылға лап қойды. Алай­да Неймар бастаған ойыншылар тек 23 минутта ғана өз деген­дері­не қол жеткізді. Бразилия­лық қорғаушы Маркиньос аталған турнирдегі алғашқы голдың авторы атанды. Ал ойын­­ның екінші бөлігінде Бразилия құрамасының сапы­нан Ней­мар мен Габриэл көзге түсті. Қорытынды есеп – 3:0.

Ал бұл топтағы тағы бір фаво­­­риттердің бірі Колумбия құ­рамасы Эквадорды 1:0 есебі­мен жеңіп, үш ұпайға ие болды. Ойындағы жалғыз голды 42 минут­та Кар­дона соқты. Әзірге көш басында Бразилия мен Ко­лум­бия құрамалары келеді.

Америка кубогін алуға басты үміткер саналған Аргентина биыл турнирдегі алғашқы ойы­нын­­да жеңіске жете алмады. Олар жауапты матчта Чили құрамасымен тең түсті. Қоры­тынды есеп – 1:1.

Кездесудің 33-минутында Аргентина капитаны Лионель Месси айып cоққысын сәтті орындап, командасын есепте алға шығарды. Бұл «Барселона» шабуыл­шысының Аргентина құрамасындағы ресми матч­тарды ғана есептегенде 39-шы голы. Осылайша, Месси құра­ма сапында 38 гол соққан Габриэл Батистутаны басып озды.

57-минутта Чили ша­буыл­шысы Эдуардо Варгас та­ра­зы басын теңес­тірді. Арген­тина қақпашысы Эмилиано Мар­ти­нес Артуро Видальдің пенальти­ден жаса­ған соққысын қайтар­ғаны­мен, кері серпілген допқа Варгас бірінші болып жетіп, ашық қақпаны дәл көздеді. Осылай­ша, ол коман­дасын жеңі­л­істен құтқарып қалды.

А тобында өнер көрсететін Парагвай құрамасы Боливия­ны сенімді түрде жеңді. Параг­вай футболшылары қарсылас қақ­пасын 34 мәрте нысанаға алған. Парагвай футболшы­ларының допқа иелік ету көрсеткіші де жоғары болды. Бразилияның Гояния қала­сын­дағы «Олим­пико Педро Лудо­вико» ста­дионында өткен кез­десу 3:1 есебімен номи­нал­ды алаң иелерінің жеңісімен аяқ­тал­ды.

Кездесудің 10-минутында Боливия­ның жартылай қор­ғау­шысы Эрвин Сааведра пе­наль­тиден гол соқты. 62-ми­нутта Парагвай Алехан­дро Гамар­раның күшімен есепті теңестіре алды, ал үш минуттан кейін Анхель Ромеро соққан голдың арқасында есепте алға шықты. 80-минутта сол Ромеро дубль жасап, кездесудің нүктесін қойды. Осылайша, Парагвай 3 ұпай жинап, А тобының тур­нирлік кестесінде бірінші орынға жайғасты.

Енді 18 маусым күні В то­бында Колумбия мен Вене­суэла және Бразилия мен Перу кездеседі. 19 маусым күні А тобында өнер көрсететін Чили мен Боливия және Аргентина мен Уругвай ойнайды.

Бастапқыда, Копа Аме­рика-2021 Аргентина мен Ко­лум­­бия алаңдарында өтуі тиіс болатын. Бірақ турнирдің басталуына екі апта қалғанда Оңтүстік Америка футбол кон­федерациясы корона­вирусқа байланысты жарысты Бра­зилияға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Сырттан шақыр­тылған екі құрама – Австралия мен Қатар жарыс­тан бас тарт­қаннан кейін  Америка кубогіне 10 команда қатысатын болды. Олар екі топқа бөлінген. Ши­рек-финалға әр топтан төрт ко­ман­­дадан шығады. Бұған дейінгі Америка кубогін Бра­зилия құрамасы жеңіп алған бола­тын.

АбылайханАбылайхан ЖҰМАШ

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.