Астанада "Жастар" сарайы 59 миллионға мүсін орнатпақшы
Астанада "Жастар" сарайы 59 миллионға мүсін орнатпақшы
Фото: Goszakup.gov.kz
167
оқылды

Нұр-Сұлтан әкімдігінің "Жастар" сарайы 59 248 000 теңгеге мүсін жасатпақшы. Мүсін жасатуға тапсырыс мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланды. Бірақ орндаушы үш күн ішінде бір көзден сатып алу тәсілі арқылы таңдалды.

"Естелік қабырғасы" мүсіні Кеңес Одағының батырларын, Ішкі істер және Қазақстанның ішкі әскерлері қызметкерлерін мәңгі есте сақтау мақсатында орнатылды. Суреттер қара гранит блоктың жылтыратылған бетіне лазерлік гравировка әдісімен салынады. Қабырғаның жалпы силуэті "төрт құлақ" стиліндегі қазақтың дәстүрлі құлпытас ғимараттарының бейнесімен байланысты. Мүсін бетінде ІІ дәрежелі "Даңқ" орденінің 16 иегерінің портреті ілінеді.     [caption id="attachment_145965" align="aligncenter" width="1133"]мүсін, Нұр-Сұлтан Фото: Goszakup.gov.kz[/caption] [caption id="attachment_145964" align="aligncenter" width="1133"]мүсін, Нұр-Сұлтан Фото: Goszakup.gov.kz[/caption] Туынды Нұр-сұлтандағы Тәуелсіздік даңғылы, 1/1 мекенжайында "Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне және қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне" арналған монумент орналасқан жерге қойылады. Мүсінінің жобасын ҚР еңбек сіңірген сәулетшісі С.И. Рустамбеков әзірлейді. [caption id="attachment_145966" align="aligncenter" width="1133"]мүсін, Нұр-Сұлтан Фото: Goszakup.gov.kz[/caption] Орналасу мерзімі: шартқа қол қойылған күннен бастап 20 күнтізбелік күн. Тапсырысты орындаушы ретінде Мамитова Г. таңдалған. Сонымен бірге орындаушы 7 маусымда "Жастар" сарайымен бір көзден сатып алу тәсілі арқылы тікелей келісімшартқа отырған. Бірақ 10 маусымда оны "әрі қарай орындау мақсатсыздығына байланысты" келісім бұзылды. Бірақ олар дәл сол күні жаңа келісімшартқа отырған. Айта кетейік, лоттың техникалық ерекшелігі мен басқа да құжаттары тек орысша толтырылған. Бірақ тапсырыс беруші құжаттарды "Мемлекеттік сатып алу туралы" заң бойынша қазақ тілінде де ұсынуға міндетті.