Түркістанда бірнеше миллиардқа салынған «Керуен сарайдың» қабырғасы қирай бастады

Түркістанда бірнеше миллиардқа салынған «Керуен сарайдың» қабырғасы қирай бастады

Түркістанда биыл ғана ашылған «Керуен сарай» туристік кешенінің құрылысы сыр бере бастады. Қабырғалардың іші кірпіштен емес, пенопласттан жасалған екен. Бұл туралы "Аzattyq ryhy" Шыңғыс Лепсібаевтың фейсбук парақшасындағы жазбасын негізге алып отыр. 

[caption id="attachment_145923" align="alignnone" > https://www.facebook.com/[/caption] Оның сөзінше, түркі әлемінің астанасында бой көтерген жаңа туристік кешеннің бір жылға жетпей қабырғалары қирап жатыр. [caption id="attachment_145924" align="alignnone" > https://www.facebook.com/[/caption]

«Түркістанның басты жаңа көрікті жері саналатын «Керуен сарай» кешені сапалы материалдан емес, жай ғана пенопласт пен сылақтан салынған. Менің ойымша, аймақ басшылығы мен барлық мердігерлер 10 жылға елден шықпау туралы қолхат беруі керек. Басқасы қажет емес, өйткені жаңбыр мен қыстың қарынан кейін мұндай көрікті жердің қирап қалатыны сөзсіз. Иә, әлі бірнеше жыл тамашалауға мүмкіндік бар», – дейді ол.

[caption id="attachment_145925" align="alignnone" > https://www.facebook.com/[/caption] Өз кезегінде Керуен сарай туристік кешенінің баспасөз қызметі құрылыс жұмыстарында стандартқа сай материалдар қолданғанын жеткізді.

«Керуен сарай кешенінің құрылыс жобасы мемлекеттік сараптамадан мақұлданған, барлық ғимараттар арматуралық бағана мен газоблоктан тұрғызылған, сыртқы бөлігі қосымша жылыту және безендіру үшін ең жаңа технологияларды қолданып жасалған» - делінген хабарламада.

[caption id="attachment_145926" align="alignnone" > https://www.facebook.com/[/caption] Кешеннің қираған тұстары жөнделіп жатқаны белгілі болды. Бірақ қабырғалардың неден жарылғандығы айтылмаған.