Қазақстандық теннисші Чехияда топ жарды

Қазақстандық теннисші Чехияда топ жарды

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов португалиялық Гонсалу Оливейрамен бірге Простеевте (Чехия) «Челленджер» сериясындағы турнирдің финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz. Қазақстандық-португалиялық жұптың қарсыластары чехтар Роман Жебавы мен Зденек Колар болды. Чех дуэті бірінші сетте сенімді жеңді - 6:1. Ал кейінгі екі сетте Недовесов пен Оливейра 7:6, 10:6 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 32 минутқа созылды.