БҚО-да жол апатынан 2 адам көз жұмды
БҚО-да жол апатынан 2 адам көз жұмды
Орал қаласының айналма тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды.
"18 маусым күні сағат 15:03-те Орал қаласының айналма жолында жеңіл көлік пен мотоцикл соқтығысты. Екі жүргізуші де оқиға орнында қайтыс болды", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде жол-апатының мән-жайы анықталып жатыр. Ресми мәліметке сәйкес, мотоцикл жүргізушісі 31, ал Volkswagen Passat-тың иесі 62 жаста болған.