Түркістан облысында тау шатқалында жоғалып кеткен 3 жасөспірім құтқарылды
Түркістан облысында тау шатқалында жоғалып кеткен 3 жасөспірім құтқарылды
114
оқылды
Түркістан облысының құтқарушылары Біркөлік тау шатқалында адасқан 3 жасөспірімді құтқарды.
«2021 жылы 17 маусымда сағат 17.00 шамасында 3 жасөспірім Түркістан облысы Төле би ауданының Екпінді ауылынан 15 шақырым жердегі «Біркөлік» тау шатқалына көтерілген. Алайда, қараңғы түскен соң жасөспірімдер адасып, ата-аналарына хабар береді. Ата-аналар балаларының жоғалғаны туралы «112» нөміріне хабарлады. Адасқандардың бірі – 2003 жылы туған азамат тауға шыққанда құлап, сол аяғын сындырып алған», – дейді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.
Құтқарушылар дереу оқиға орнына барып, жарақат алған жасөспірімге алғашқы дәрігерлік көмек көрсетті. Құтқару жұмысына Түркістан облысы ТЖ департаментінен 11 құтқарушы мен 3 дана техника, жедел-жәрдем бригадасынан 3 қызметкер мен 1 техника жұмылдырылған. https://www.youtube.com/watch?v=Ngi53gRGZyE&feature=emb_title