Қазақстандық файтер Алматыдағы EFC 37 турнирінде қарсыласын сұлатып салды

Қазақстандық файтер Алматыдағы EFC 37 турнирінде қарсыласын сұлатып салды

Қазақстандық файтер Жасұлан Әкімжан (7-2) EFC 37 турниріндегі басты жекпе-жектердің бірін өткізді, - деп хабарлайды Prosports.kz. Алматыдағы турнирде 24 жастағы файтер ресейлік Роман Авдалпен (15-9) кездесті. Жартылай жеңіл салмақтағы (65.8 кг) жекпе-жек бірінші раундта аяқталды - Әкімжан қарсыласқа фронт-кикпен соққы жасаған, Авдал кездесуді жалғастыра алмады. [caption id="attachment_145984" align="alignnone" > Фото: vesti.kz[/caption] Айта кетейік, Әкімжан ресейлік промоушнде қатарынан үшінші рет, карьерасында жетінші рет жеңіске жетіп отыр. Бұл жеңістен кейін ол жартылай жеңіл салмақтағы чемпиондық титулға үміткер болуы мүмкін.