Павлодар облысының Ақсу қаласында автобустың төбесіне шығып алып, жол жүрген 18 жастағы ер адам ұсталды. Ол бұл әрекетке әлеуметтік желіде танымал болу үшін барған, - деп хабарлады inform.kz.
«Instagram әлеуметтік желісінде мониторинг жүргізу кезінде, павлодарлық пабликтердің бірінен Павлодар облысына қарасты Ақсу қаласында жас жігіттің қалалық автобустың төбесіне шығып алып жол жүргені жарияланған видео анықталды», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті.Полицейлер жарияланған видео бойынша тексеріс жұмысын жүргізді.
«17 маусым күні сағат 13:00 шамасында Ақсу қаласындағы Астана көшесінде жас жігіт автобус аялдамасынан қалалық автобустың үстіне мініп алып, жол жүрген. Көлік құралы қозғалып келе жатқанда ол балағат сөздер айтып тұрған», - деп хабарлады Павлодар облысы Ақсу қалалық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Рахметов.Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік өндіріс қозғалған. Материал тиісті жазалау шарасын қабылдау үшін сотқа жіберілді. https://www.youtube.com/watch?v=G1KLwR5UiBo