Құрылыс саласы бойынша Жол картасы орындалып жатыр
Құрылыс саласы бойынша Жол картасы орындалып жатыр
161
оқылды

Биыл сайлауда жеңіске жеткен «Жол картасын бекіткен болатын. Бүгінде Жол картасындағы міндеттер орындалып жатыр ма? Құрылыс саласында қандай мәселе бар? «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық мәслихатындағы фракциясында депутаттар осы және өзге де мәселелерді талқылады.

Мәжілісті «Nur Otan» партиясы фракциясының жетекшісі Бейсен Тәжібаев ашып, жүргізіп отырды. Фракция жетекшісі Жол картасын­дағы әрбір жоспар орындалуы үшін депутаттар да бақылауды кү­шейтуі тиіс екенін жеткізді. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша облыстық бюджетке ен­гізілген өзгерістер жайлы Түркіс­тан облысының Стратегия және экономикалық даму басқармасы­ның басшысы Қ.Қайыпбектің хабарламасы тыңдалды. Екінші мәселе бойынша Құ­рылыс басқармасы басшы­сының орынбасары Т.Егетаев хабарлама жасады. Ол басқарманың 2020 жыл­ғы атқарған жұмыстары және «Nur Otan» партиясының Түр­кістан облысы бойынша «Өзгеріс­тер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарла­масын орындау жөніндегі Жол картасы аясында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары туралы айтып берді. Оның Жол картасы жоспарға сай жүзеге асып жатқанын жет­кізді. 2025 жылға дейін 1 290 427 шар­шы метр тұрғын үй немесе 21 379 пәтер беру жоспарланса, 2021 жылы 6 238 пәтер,13 медици­на­лық нысан, 85 мектеп, 1 бала­бақша, 50 спорт нысаны, 8 мәде­ниет нысаны беріліп, ерекше қа­жет­тілігі бар азаматтар үшін 167 нысан бейім­деуден өткізіледі деп жоспарланған. Қазір осы бағытта жұмыс атқары­лып жатыр. Қаралған мәселелер жетінші шақырылымдағы Түркістан об­лыс­тық мәслихатының кезекті жетінші сессиясының қаралуына ұсынылды. Мәжілісте депутаттар тиісті басшыларға ауылдарда, елді мекендердегі «сақалды құрылыс­тар» және өзге де мәселелер бо­йын­­ша ұсыныс айтты. Құрылыс саласындағы кемшіліктер де сөз болып, аудан, қала әкімдіктері мен басқарма тарапынан ұсыныс бойынша жұмыс жүргізілетін болды.

Әбілмансұр ЖАСАН