Зейнетақы жинағындағы ақша ұлт саулығын нығайтты ма?
Зейнетақы жинағындағы ақша ұлт саулығын нығайтты ма?
131
оқылды

Жақсы бастаманы бюрократия бүлдірмесін

Негізі, бұл шара «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасында бекітілген. Құжатта 2021 жылдан бастап азаматтар өзінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй алуға, денсаулығын жақсартуға пайдалана алатыны жазылған. Яғни, ел Президентінің бастамасы көшбасшы партияның бақы­лауында. Ал Белгісіздік ұзаса, былық жайлауы мүмкін Сорақысы сол, заңды иесіне бермеген қаражатты шенеуніктер бөгде тұлғаларға еркін, еш ескер­тусіз бере салатын көрінеді. «Шымкент қаласында тұратын Қайрат есімді жеке сот орындау­шысы менің зейнетақы есебімнен өз бетінше 180 мың теңгеден астам соманы шешіп алыпты. Ол туралы мені құлағдар етпеген. ЖСО еңбек­ақымды да ұстап қалып, отбасым­ды, бес баламды тіршілік көзінен айырды. Өзім  пневмониямен ауырып жүрмін. ЖСО банктік есепшоттарымды, зейнетақы есепшотымды бұғаттады. БЖЗҚ-ға арыз жаздым, ондағылар жеке сот орындаушыларының өз бетінше бұғаттай алмайтынын, бұл үшін қорға ресми ұсыныспен шығуы керегін мәлімдеді. Әділет департа­ментіне шағыммен бардым. Оның маманы еш ден қоймады. Біздің шымқалада ЖСО-лар жыртқышқа айналып кеткен, ешкімді аямайды» деп қамығады Әлібек есімді қала тұрғыны. ЖСО Исахов одан осы кезге дейін жалпы сомасы 1,4 миллион теңге ұстапты. Оның 392 мыңы ЖСО қызметінің ақысы екен. Қалай болғанда да, БЖЗҚ және ондағы жинақтарды пайдалану саласында пысықталмаған, шикі тұстар бар. Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрлігі де кеңауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырған жоқ. Нәтижесінде, азаматтар әлеуметтік желі арқылы бір-біріне сұрау салып, ақпаратқа қанығуға тырысады. «Кім біледі, зейнетақы жинағын емделуге қалай жаратуға болады? Алған­дарыңыз ақыл айтсаңыздар?» деп сұрайды халық. «Бірінші – мемлекеттік не жекеменшік клиникаға, ауруханаға барып, дәрігерге көрінесіз, емдеу көрсетілімдерін және емдеу құнын айқындайсыз. Осы құжаттармен өзіңіз тіркелген жергілікті ем­ханаңызға барып, учаскелік дәрігерге кіресіз. Емдеудің өте қажет екенін түсіндіріп, зейнетақы жинағын пайдалану үшін дәрігер­лік-консультациялық комиссия жинауды сұрайсыз. Комиссия өтінішіңізді қарап, шешім шығара­ды. Егер шешімі оң болса, оны алып, Отбасы банкіне, БЖЗҚ-ға жүгінесіз. Жинағыңызды беру-бермеу жөніндегі соңғы шешімді солар қабылдайды», – дейді Оксана Самойлова. Бұл салада түсініксіз жайттар да жетерлік. Мысалы, Айжан есімді азаматша тісін емдету үшін ұлы оған зейнетақы жинағын береді. Содан Отбасы банкіне стома­тология­лық қызметтерге қатысты өтініш жолдайды. Өтініші қабыл­данған. «Биылғы 14 мамырда enpf-otbasy.kz платформасында өтінішіме хабарлама қосылды, онда: «Құт­тық­­таймыз, сіз біржолғы зейнетақы төлемін нысаналы мақсатына пайдаландыңыз. Өтініш табысты аяқталды» делінген. Ал іс жүзінде маған стоматологиялық қызмет көрсетілмеді, себебі жеке кәсіпкер саналатын емдеуші стоматологтің есепшотына жарты миллион теңге ақша түспеген. Салдарынан мен дәрігердің қызметін пайдалана алмаймын. Осы орайда сонша сома арнайы есепшотымнан алыныпты. 14 мамырда сайттағы статусымда: «Сіздің құжаттарыңыз тексерілді, барлығы дұрыс! Ақша 2 жұмыс күні ішінде аударылады» деп жазылған болатын. Шын мәнінде, ақша да жоқ, қызмет те көрсетілмеді, мәселем де шешілмеді», – дейді ол.

Емделуге қанша млрд жинақ жұмсалды?

2021 жылғы 18 маусымдағы жағдай бойынша БЖЗҚ-ға емделуге барлығы 15 833 өтініш келіп түсіпті. Соның ішінде әзірге 11 342 өтініш қана орындалды, ол азаматтарға денсаулығын түзеуге 10 млрд 706 миллион теңге бағыт­талды. Орташа сомасы  шамамен 1 млн теңге. Сонымен қатар салым­шылардың 2 млрд 71 миллион теңге жинағын Отбасы банкі қорға кері қайтарған. БЖЗҚ түсіндіруін­ше, «бұл қаражат өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша белгіленген мерзімде пайдаланылмады». Яғни, 3 196 адам төл жинағын өз денсаулығын жақсартуға жарата алмады.

Айхан ШӘРІП