Ақмола облысының әкімі Сабуров туралы: кандидатурасын ұсынса, ол мәселені қарастырып көрер едік
Ақмола облысының әкімі Сабуров туралы: кандидатурасын ұсынса, ол мәселені қарастырып көрер едік
160
оқылды

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев әзілкеш Нұрлан Сабуровты Степногорск әкімі қызметіне тағайындау туралы идеяға қатысты ойын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ермек Маржықпаев Нұрлан Сабуровтың белсенділігін байқағанын айтады.
"Танымал жерлесіміз еліне құрметпен қарап, оны уайымдап отырады. Ол өте керемет. Егер Нұрлан ұсынысты қабылдап, қала әкімі кандидатурасына өзін ұсынса, біз ол мәселені қарастырып көрер едік. Бірақ мемлекеттік қызмет туралы арнайы заң барын еске салғым келеді, ол қала әкімдері мен аудандық маңызы бар әкімдер үшін белгілі бір біліктілік талаптарын көздейді. Нұрланға белсенді позициясы үшін алғыс білдіремін. Үнемі байланыста, жерлестеріне көмектесіп тұрады. Ол біздің қалада туып-өскен", — дейді әкім.
Еске салсақ, Нұрлан Сабуров Ресейдегі ең бай блогер атанғаны туралы хабарлаған едік.