Түркіменстанда түлектерді мектептен әскерге алып кеткен
Түркіменстанда түлектерді мектептен әскерге алып кеткен
161
оқылды

Ашғабад мектептерінде 18 жасқа толған оқушылар бітіру емтиханынан кейін полицияның жетектеуімен дереу әскери бөлімдерге жеткізілген. 

Жергілікті басылым мәліметінше, 15 маусымда бас қаладағы №15 мектепке полиция және әскери комиссариаттардың өкілдері барған. Олар әскерге шақыру алған 18 жасқа толған түлектерді емтиханға бірінші кіргізіп, одан шығарып, бірден әскерге алып кеткен. Мұндай жағдай Ашғабадтағы басқа мектептерде де болған. Түркіменстанда мектеп бітірушілерді бірден әскерге алып кету тәжірибесі соңғы жылдары жүйелі түрде қолданылып келеді. Осыған дейін 18 жасқа толған жігіттерді өлкеге ұшып келген бетте, әуежайдан әскерге алып кеткен оқиғалар тіркелген.