Марқұм сарбаздың анасы: жала жаппасын, баламды қараламасын
Марқұм сарбаздың анасы: жала жаппасын, баламды қараламасын

Оралдағы 5517 әскери бөлімінде қаза тапқан сарбаздың туыстары марқұмның өзін атып өлтіргеніне сенбейді. Қасында қатарластары бола тұра, мұндай қадамға барғанына күмәнданып отыр, — деп хабарлайды КТК арнасы

21 жастағы Қолғанат Әшіровті бүгін жерледі. Сүйегін әкелген әскерилер оны ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне қатысқан жоқ. Ал, жақындары тергеушілерден жұмбақ өлімнің себебін анықтауды сұрап отыр. Марқұм осыдан жарты жыл бұрын Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған. Күнара ата-анасымен бейнебайланыспен сөйлесіп тұрыпты. Жақында туыстары сарбазға кездесуге барып қайтуды да жоспарлаған. Оның үйді сағынып ақырғы хатын қалдыруы мүмкін емес деп отыр. Ол мылтық шүріппесін басқанда қасындағылардың кедергі келтірмей, байқамай қалуы да күмән келтіреді, - дейді. Бұл қайғылы оқиға екі күн бұрын Оралдағы 5517 әскери бөлімінде таң ата болған. Қарауылға шыққан Қолғанат Әшіров өз қаруынан атылған. Қаралы отбасы тергеушілер қазір үш нұсқамен тексеріп жатқанын айтады.
"Басы шашылып қалған. Өзіне үш оқ атуы мүмкін емес. Өзі ешқашан ондай жасамайды. Бәрі суицид деп айтып жатыр. Мен келіспеймін. Жала жаппасын, менің баламды қараламасын", — дейді марқұмның анасы Гүлшат Жұбатқанова.