Ресейдегі ұшақ апаты: 15 адам жарақаттанып, 4 адам көз жұмды
Ресейдегі ұшақ апаты: 15 адам жарақаттанып, 4 адам көз жұмды
168
оқылды

Кемерово облысында Л-410 ұшағы апатты жағдайда қонып, адамдар көз жұмды, — деп хабарлайды РИА Новости басылымы.

Ұшақ апаты Промышленный ауданындағы Журавлево ауылының маңында болған. Бастапқыда бортта отырған 18 адам жарақаттанып, екі ұшқыш көз жұмғаны хабарланды. Артынша Төтенше жағдайлар қызметі барлығы 15 адам апаттан зиян шегіп, төрт адам көз жұмғанын мәлімдеді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, қаза тапқандар саны артты.
"Әуе кемесінде 20 адам болған, олардың 7-еуі көз жұмып, 13-і зардап шекті", — деп хабарлады Төтенше жағдайлар қызметіндегілер.