Роналду Instagram желісінде 300 миллион оқырманы бар алғашқы адам болды
Роналду Instagram желісінде 300 миллион оқырманы бар алғашқы адам болды
124
оқылды

Криштиану Роналду Instagram желісінде 300 миллион жазылушысы бар алғашқы адам болды.

"Ювентус" және Португалия құрамасының ойыншысы актер Дуэйн Скала Джонсон мен танымал әнші Ариана Грандені басып озды. Ал Лионель Месси рейтингте сегізінші орында тұр. Оның 218 млн оқырманы бар. Алғашқы ондыққа Кайли Дженнер (241 миллион), әнші Селена Гомес (238 миллион), кәсіпкер Ким Кардашян (229 миллион), әнші Бейонсе (186 миллион), Джастин Бибер (178 миллион) және модель Кендалл Дженнер (170 миллион) кірді. Еске салсақ, Роналду Instagram желісіндегі ең танымал адамдар тізіміне 2018 жылдың қазан айында шыққан. Осы жылдың қаңтар айында желідегі достарының саны 250 миллионға жетті. Қазіргі сәтте португалиялық футболшының Instagram, Facebook, Twitter желілерінде жалпы жарты миллиард жазылушы бар.