Көкшетауда массаж салонында притон жұмыс істеп келген
Көкшетауда массаж салонында притон жұмыс істеп келген
127
оқылды
Көкшетауда массаж салонының атын жамылған жезөкшелер притоны анықталды, - деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. Жеңіл жүрістілердің ордасына айналған «массаж салоны» полицияның «стоп-трафик» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында анықталды.
«17 маусымда Ақмола облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Көкшетау қаласының аумағында жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды ұйымдастыру және ұстау фактісін анықтады. Полиция қызметкерлері жезөкшелікті кәсіп еткендерді жинаған 32 жастағы тұрғынын, сондай-ақ 21 жастан 27 жасқа дейінгі қыздарды анықтады», - дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.
Тергеу барысында күдіктінің массаж салоны ретінде интимдік қызмет көрсету, клиенттерді іздеу және жарнама бойынша жұмыс ұйымдастырғаны анықталды.
«Сайт мекенжайы ІІМ Криминалдық полиция департаментіне бұғаттау үшін жіберілді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу басқармасы ҚР ҚК 309-бабы «Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады",– деп толықтырды Гүлнар Пинчук.
Жезөкшелер мен жеңгетайларға «Келу туралы міндеттеме» түрінде шешім қабылданған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ