Атырау облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды
Атырау облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды
Атырау облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Жол-көлік оқиғасы Доссор-Құлсары тас жолында болған. Автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, соның салдарынан оқиға орнында үш адам қаза тапты, тағы екеуі түрлі жарақаттармен Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді. «Жол-көлік оқиғасы салдарынан адамдардың қаза болуы фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр», – деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.