Ақтөбеде жол апатынан бір адам көз жұмды
Ақтөбеде жол апатынан бір адам көз жұмды
128
оқылды
Ақтөбе қаласында екі автокөлік соқтығысып, салдарынан 40 жастағы жолаушы көз жұмды. Қайғылы оқиға 18 маусым күні кешкі 19:20-да болды, - деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Оқиға Ақтөбе қаласының Сүт зауыты ауданында болды. Toyota Hilux көлігінің жүргізушісі көпірде ВАЗ-2107 көлігімен соқтығысты. Салдарынан ВАЗ-2107 маркалы автокөлігінің 40 жастағы жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды.
"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру үшін куәгерлерді, оқиғаны көрген адамдар келесі телефон нөмірлеріне хабарласуын сұраймыз. Байланыс телефондары: 93-64-04, 8-775-832-07-98, 8-705-970-80-48 немесе Ақтөбе облысы ПД АБ №404 қызметтік кабинетіне алып келу қажет»,– деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.