Еуропа чемпионатында Венгрия құрамасы Франциямен тең ойнады
Еуропа чемпионатында Венгрия құрамасы Франциямен тең ойнады
126
оқылды
Бүгін футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңінің екінші турында Венгрия мен Франция кездесті. Бүгінгі кездесуде ойын басынан француздар алға қарай ұмтылды. Гол соғатын бірнеше мүмкіндігі болған еді. Дегенмен, оны пайдалана алған жоқ. Матчтағы есепті Венгрия құрамасы ашқан, Франция ойыншылары тек екінші таймда таразы басын теңестірді. Бірақ бұдан артыққа күші жетпеді. Кездесуде қос құрама 1:1 есебіне қанағат білдіріп тарасты. Бұл топтағы үшінші турда 23 маусымда Германия мен Венгрия, Португалия мен Франция жасыл алаңға шығады.