Киттің асқазанында болған ер адам тірі қалды
Киттің асқазанында болған ер адам тірі қалды
122
оқылды
Массачусетс штатындағы Уэлфлит қаласының тұрғыны 56 жастағы Майкл Паккард киттің ішінде болып көрді. Ер адам күнделікті ірі теңіз шаяндарын аулаумен айналысады. Кит оны толықтай жұтып қойып, кейін қайта түкірген, деп хабарлайды capecodtimes.com басылымы. Майкл әдеттегідей шаян аулау үшін теңіз астына түседі.
"Кенеттен айналамда бәрінің қара түске боялғаны ғана есімде", — дейді ол.
Артынша өзін өлдіге санап, ұлдарын еске алған. Бастапқыда ер адам өзін акуланың құрбаны болдым деп ойлаған. Алайда жануардың аузынан еш тіс байқамаған соң, оның кит екенін түсінген. Паккард киттің ішінде жатып оған аквалангтың көмегімен қарсыласқан. Осы кезде кит судың бетіне қалқып шығып, ер адамды құсығымен бірге түкіріп тастайды. Майкл киттің ішінде 30-40 секундтай болды. Қорқып қалғаны болмаса, денесінде айтарлықтай жарақат жоқ. Мамандар киттің Майклды қателесіп жұтқан болуы мүмкін екенін айтады. Біріншіден, олардың тісі жоқ, екіншіден — асқазаны адам үшін тым кішкентай.