Ақтөбеде мектеп директорлары жол апатына түсіп, екеуі көз жұмды
Ақтөбеде мектеп директорлары жол апатына түсіп, екеуі көз жұмды
155
оқылды

Ақтөбеде жол апаты болып, екі мектеп директоры көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға кеше сағат 20:20-да болған. Ойыл ауданының 102 телефонына Ойыл-Қобда автожолының 156 шақырымында көліктің аударылғаны туралы хабарлама түсіп, салонда жүргізушіні қоса алғанда 4 әйелдің болғаны айтылды.
«Тoyota Land Cruiser Prado көлігінің жүргізушісі Ойыл ауылынан Қобда ауылына қарай бағыт алып, жол қозғалысы ережесін бұзып, көлікті басқара алмай қалған. Автокөлік сол жаққа қарай аударылды. Нәтижесінде жүргізуші мен бір жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі жолаушы бірнеше жарақатпен Ойыл аудандық орталық ауруханасына жатқызылды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Айта кетейік, көлік жүргізушісі де, жолаушылар да Ақтөбе қаласындағы мектептердің директоры. Қазір зардап шеккен екі әйел ауруханада жатыр.