Түркістан облысында жол апаты: 7 адам көз жұмды
Түркістан облысында жол апаты: 7 адам көз жұмды
151
оқылды

Түркістан облысында жол апаты болып, екі жүргізуші мен бес жолаушы қаза тапты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Департамент мәліметінше, бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды. Оқиға Созақ ауданындағы Екпінді - Бірлік автожолында 144-531 шақырым жерде болған. Екі жеңіл көлік соқтығысқан. Аудандық полиция бөлімшесіне, 102-ге сағат 11.20 шамасында хабар түскен.
"Оқиға орнына Түркістан облысы ПД жедел-тергеу тобы, криминалистер мен анықтаушылар шықты. Полицейлер LADA Priora және Volkswagen Passat жеңіл автокөліктері соқтығысқанын анықтады. Салдарынан екі жүргізуші мен бес жолаушы қаза тапты. Тағы бір адам түрлі дене жарақатымен аудандық аурухананың жан сақтау бөліміне түсті. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді. Соталды тергеу басталды. Полицейлер қаза тапқандардың кім екенін және жол апатының мән-жайын анықтап жатыр", — делінген хабарламада.