Қазақстандық палуандар Түркиядағы турнирде 3 медаль жеңіп алды
Қазақстандық палуандар Түркиядағы турнирде 3 медаль жеңіп алды
119
оқылды
Грек-рим күресінен Түркияда өтіп жатқан халықаралық турнирде Қазақстан командасы кезекті жүлдесін иеленді, деп хабарлайды Olympic.kz. 77 келіде белдесетін Демеу Жадыраев финалда түркиялық балуанға 3:3 есебімен жол беріп, турнирдің күміс жүлдегері атанды. 60 келіде бақ сынаған Айдос Сұлтанғали мен Мейрамбек Айнағұлов турнирдің қола жүлдегерлері атанды. Сұлтанғали кіші финалда ирандық балуанды, Айнағұлов түркиялық спортшыны жеңген.