Солтүстік Қазақстан облысындағы Янцено ауылында бір жылдары 130 адам тұрған. 2019 жылы ауыл таратылған болатын. Бірақ бүгінде соған қарамастан ауылда бір адам тұрып жатыр, - деп хабарлайды "Петропавловск.news". Александр Бурмагиннің жасы 62-де, бүгінде ол қасына бір иті мен мысығын серік еткен. Ол сыпырғыш дайындап, соны тасжолда сатып күн көріп жүр. Александрдың екі баласы, төрт немересі бар, олар алыста тұрады. Алты жыл бұрын әйелі қайтыс болған, сөйтіп, ауылда жалғыз өзі қалған. Қалаға 20 жылдан бері бармаған, келгенінде қатты таңғалған. https://www.youtube.com/watch?v=dzEq3_U3E8k&feature=emb_title Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында кемінде 341 ауылда 250 адамнан тұрады. Оның ішінде, 170 ауылда шамамен 100 адам тұрса, 30 ауылда 10 адамдай ғана тұрады.