UFC ұйымындағы мықты спортшылардың бірі Қазақстанның намысын қорғайтын болды
UFC ұйымындағы мықты спортшылардың бірі Қазақстанның намысын қорғайтын болды
Аралас жекпе-жектегі танымал ресейлік спортшы Мовсар Евлоев қазақстандық Arlan MMA Pro Team командасына ауысты, деп хабарлайды Vesti.kz. Енді ол UFC ұйымына Қазақстанның атынан шығады. Спортшының айтуынша, оған қазақстандық клуб жақсы ұсыныс жасаған. Бірақ ол ешқандай қосымша сыйақысыз клубтың намысын қорғауға келісіпті. 27 жастағы Евлоев дәл қазіргі уақытта UFC ұйымындағы спортшылар арасында ең көп жеңісті серияға ие. Ол соңғы 15 кездесуінің барлығында жеңіске жеткен. Мовсар жартылай жеңіл салмақтың рейтингінде 13-ші орынға жайғасқан. Қазақстандық спортшылар арасында UFC рейтингіне кірген бірінші спортшы. Евлоев UFC ұйымындағы соңғы кездесуін 13 маусым күні өткізіп, канадалық Хаким Доводуды жеңді.