Еліміздің өңірлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыста нөсер болуы мүмкін. Алматы облысында кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Дүйсенбі, 21 маусымда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метр жел болады деп болжануда. Күндіз Батыс Қазақстан облысында плюс 38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Кейбір жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақмола облысында найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-батыстан түнде секундына 15-20 метр, күндіз секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Көкшетауда найзағай болуы мүмкін. Күндіз Ақтөбе облысында 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі, өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды облысының шығысында қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Өңірде найзағай, бұршақ болады деп болжануда. Солтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні секундына 23-28 метр жел соғады. Өрт қаупі өте жоғары. Қарағандыда найзағай, бұршақ күтіледі. Жезқазғанда 21 маусымда күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - секундына 18 метр. Шығыс Қазақстан облысында синоптиктер күн күркіреп, найзағай ойнап, бұршақ жауады деп болжайды. Жел секундына 15-20 метрге дейін, екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді. Маңғыстау облысының оңтүстігінде күндіз 40 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Аймақтың оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі бар. Павлодар облысында түнде кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр жел соғады. Павлодарда күндіз найзағай күтіледі. Қостанай облысында түнде найзағай ойнайды деп күтілуде. Солтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 23-28 метр жел соғады.